Ералы Тоғжанов елордадағы әйелдерге арналған «Бақытты отбасы» ақпараттық-кеңес білім беру орталығында болды
Үкімет басшысының орынбасары Ералы Тоғжанов елордадағы әйелдерге арналған «Бақытты отбасы» ақпараттық-кеңес білім беру орталығында болды. Мекеменің жұмысымен және көпбалалы аналарды қолдау бағытындағы шаралармен танысты. Аталған орталық нәзік жандыларды тігінші, бет әрлеу, массаж сынды 10 мамандық бойынша тегін оқытады. Құқықтық және психологиялық кеңестер береді. Жұмысқа орналастыру бойынша қолдау көрсетеді. Бүгінгі таңда мұнда 1400-ден астам адам білім алып, оның 500-ден астамы аранйы сертификатқа ие болған. Жеке кәсіптерін бастап, табыстарын арттырып отыр. Үкімет басшысының орынбасары жауапты органдарға орталықты дамыту бойынша бірқатар тапсырма берді.
Ералы Тоғжанов, ҚР Премьер-министрінің орынбасары:
Баласын дүниеге алып келген ана балаларының болашағын ойлайды. Болашағын ойлай алған ана оған әруақытта өнеге көрсетеді. Өнеге көрсететін әке мен шеше балаға жол көрсетеді. Міне, сондай нақты жолды осы жерде қазақтың әйелдері осы жерде жасап жатыр.
Жазира Игілікова, қала тұрғыны:
Осы жер ашылғалы грант иегері болдым. 583 400 теңгеге. Енті тағы да гранттар алып, үлкен цех ашқымыз келеді. Қазір үйде жұмыс жасап отырған анамын.
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Мемлекет басшысының атынан Астанада бір топ БАҚ қызметкеріне пәтер берілді
27.06.2026, 10:50
2 есе жұмысқа – екі есе ақы
26.06.2026, 20:16
Президенттің атынан отандық үздік БАҚ өкілдері марапатталды
26.06.2026, 20:15
Президент атынан БАҚ өкілдеріне 66 пәтер берілді
26.06.2026, 20:14
Мобильді аударым: 115 мыңға жуық адамға ескерту жіберілген
26.06.2026, 20:11
«Әділет» партиясында ірі бизнес өкілдерінің қатысуымен Іскерлік кеңес құрылды
26.06.2026, 20:10
Оралда мұнай сервис кәсіпорындарының форумы өтті
26.06.2026, 20:10
Әлем жаңалықтарына шолу
26.06.2026, 20:10