Еуропалық одаққа мүше мемлекеттер ынтымақтастықты нығайтуға ниетті
Еуропалық одаққа мүше мемлекеттер біздің елмен ынтымақтастықты одан әрі нығайтуға ниетті. Сыртқы істер министрі Мұхтар Тілеуберді Қазақстанда аккредиттелген одаққа мүше мемлекеттердің елшілерімен кездесті. Негізгі мәселе - инвестициялық, сауда-экономикалық, саяси және мәдени-гуманитарлық байланысты жандандыру. Сонымен қатар, тараптар қаңтардағы қайғылы оқиғалардан кейінгі елдегі қазіргі ахуалы, екіжақты және көпжақты өзара іс-қимылдың басымдықтарын талқылады. Еуропалық дипломаттар біздегі әлеуметтік-экономикалық және саяси реформалар бағдарламасына қолдау білдірді және әріптестікті нығайту үшін заң үстемдігі мен демократияландыру мәселелерінде одан әрі диалог жүргізуге әзір екендерін жеткізді.
Роман Василенко, ҚР Сыртқы істер министрінің орынбасары:
Еуроодақ Қазақстан үшін ірі инвестор. Елге келетін инвестицияның 40 пайызға жуығы оларға тиесілі. Оның үстіне сауда саласы бойынша да ірі серіктес. Осыған дейін өте ауқымды келісімге қол қойылған болатын. Бұл жолы да еропалық елшілер Қазақстанмен қарым-қатынасты жандандыруға мүдделі екендерін айтып жатыр. Демек алдағы уақытта ынтымақтастық жаңа деңгейге өтеді деген сенімдеміз.
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Мемлекет басшысы Камбоджа премьер-министрімен келіссөз жүргізді
17.10.2026, 19:19
Республика күніне орай Астанада 120-дан астам іс-шара өтеді
17.10.2026, 13:37
Әлемдік додада топ жарған спортшылар елге оралды
17.10.2026, 12:41
«Таза Қазақстан»: төрт өңірде 150 тоннадан астам қоқыс жиналды
17.10.2026, 10:34
«Әділет» партиясында агроөнеркәсіп саласының өзекті мәселелері талқыланды
17.10.2026, 10:29
Президент: Жұрт нақты нәтиже күтеді
16.10.2026, 22:02
ТШО 30 жылдан бері жергілікті компаниялардың тауары мен қызметіне 52 млрд доллар жұмсаған
16.10.2026, 20:14
Қазақстан Халық Кеңесі – қоғамдық ұсыныстарды талқылаудың жаңа тетігі
16.10.2026, 20:13