Премьер-Министр: Президент тапсырмаларын орындау үшін жүйелі шаралар қолға алынады
Бүгін елордада Премьер-Министр Әлихан Смайыловтың төрағалығымен Үкімет отырысы өтті. Жиында Мемлекет басшысының Үкіметтің кеңейтілген отырысында берген тапсырмаларын іске асыру шаралары пысықталды. Қазір бізбен әріптесім Дарын Сағитов тікелей байланыста.
Дарын Сағитов, тілші:
Отырыста әуелі елдегі әлеуметтік-экономикалық және қоғамдық саяси жағдайды тұрақтандыру мақсатында атқарылған жұмыстар пысықталды. Қаңтарда Президент жедел түрде 140 тапсырма берген болатын. Қазір оның 44-і орындалса, 32-і аяқталуға жақын. Отырыста халықтың табысын арттыру бойынша атқарылып жатқан шаралар, тұрғын үй нарығында жетекші құрылыс компанияларының үстемдік жүргізуі сөз болды. Мәселен, Түркістан қаласында ешқандай конкурссыз 566 млрд теңгенің 149 нысаны салынған. Үкімет басшысы инфляция деңгейін төмендетуге қатысты жаңа шаралар кешені әзірленгенін мәлімдеді. Сонымен қатар, ең алдымен ішкі нарықты, кәсіпорындарды газдандыруды тапсырды. Бұл ретте ресурстық базаны ұлғайтуға басымдық берілуі тиіс. Жиында бірқатар министрліктер өздеріне жүктелген міндеттер бойынша атқарған жұмыстарын баяндады. Үкімет отырысы туралы толық ақпаратты алдағы шығарылымдардан көре аласыздар.
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Мемлекет басшысы Камбоджа премьер-министрімен келіссөз жүргізді
17.10.2026, 19:19
Республика күніне орай Астанада 120-дан астам іс-шара өтеді
17.10.2026, 13:37
Әлемдік додада топ жарған спортшылар елге оралды
17.10.2026, 12:41
«Таза Қазақстан»: төрт өңірде 150 тоннадан астам қоқыс жиналды
17.10.2026, 10:34
«Әділет» партиясында агроөнеркәсіп саласының өзекті мәселелері талқыланды
17.10.2026, 10:29
Президент: Жұрт нақты нәтиже күтеді
16.10.2026, 22:02
ТШО 30 жылдан бері жергілікті компаниялардың тауары мен қызметіне 52 млрд доллар жұмсаған
16.10.2026, 20:14
Қазақстан Халық Кеңесі – қоғамдық ұсыныстарды талқылаудың жаңа тетігі
16.10.2026, 20:13