Басты Жаңалықтар «Nur Otan» фракциясының Мәжілістегі жетекшісі сайланды

«Nur Otan» фракциясының Мәжілістегі жетекшісі сайланды

Ерлан Қошанов Мәжілістегі «Nur Otan» фракциясының жетекшісі болып сайланды. Оның кандидатурасын Вице-спикер ұсынып, депутаттар бірауыздан қолдады. Сондай-ақ, фракцияның сапалық құрамында да өзгерістер бар. Мәжіліс депутаты Ерлан Саиров фракция төрағасының орынбасары және президиум мүшесі, ал Мәжіліс депутаттары Елнұр Бейсенбаев пен Екатерина Смышляева фракция төралқасының мүшесі болды.

Берік Көшербай


Бөлісу