Солтүстік Қазақстанның Мамлютка қаласындағы хоккей кортында бір жылдан бері жарық жоқ
Солтүстік Қазақстанның Мамлютка қаласындағы «Тарлан» жабық хоккей кортында бір жылдан бері жарық жоқ. Облыс қазынасынан 106 млн теңгеге салынған нысан былтыр ашылғанымен, әлі күнге дейін құжаты түгел емес. Аймақтағы әріптесім Эльмира Кәленова мәселенің мән-жайын білді.
Бұл - «Тарлан» хоккей кортының салтанатты ашылу рәсімі. Жалпы аумағы 2500 шаршы метр зәулім ғимараттың іші жап-жарық. Алайда келер күні-ақ нысан электр желісінен ажыратылды. Содан бері жыл асса да мәселе шешілмей келеді.
Эльмира Кәленова, тілші:
Ал мына бөлмеде жаттығуға келген балалар киім ауыстырады. Мұнда не жылу, не жарық жоқ. Ыдысқа құйып қойған судың өзі мұз болып қатып жатыр.
Хоккей кортына күніне 60 бала келеді. Айтуларынша,қыстың қысқа күнінде ойдағыдай жаттығу жасап үлгермейді.
Жұлдыз Бердіғұлова, спорт мектебінің тәрбиеленушісі:
Жарыс алдында қиын. Кортқа адам көп келеді. Жаттығуға кедергі келтіреді. Оларды да түсінесің, нысан ерте жабылатын болғандықтан барлығы коньки тебуге үлгеріп қалғысы келеді. Сондықтан мектепте сабақ аяқталысымен осында жүгіреміз.
Илья Таран, спорт мектебінің тәрбиеленушісі:
Газ баллонымен жылытатын құрылғы тұрды. Неге екенін білмеймін кейін оны алып тастады. Қазір киінетін бөлме суық. Жаттығуға келгенде аяқ киім ғана ауыстырып жүрміз.
Құрылысты қостанайлық компания жүргізген. Жер телімін дұрыс рәсімдемегендіктен құзырлы органдар нысанды қолданысқа енгізу актісін беруден бас тартқан.
Облыстық спорт басқармасының мәліметінше, құрылыс компаниясы құжат рәсімдеуде кеткен олқылықтарды жою бағытында жұмыс жүргізуде. Мердігерге ол үшін қанша уақыт қажет болары белгісіз. Ал нысан онсыз да тек қыс мезгілінде жұмыс істейді. Жаз бойы жабық тұрады.
Автор
Эльмира Кәленова
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Ауғанстанда зілзаладан кейін мыңдаған адам далада түнеуге мәжбүр
12.09.2025, 19:57

Америкалықтар 11 қыркүйек құрбандарын еске алды
12.09.2025, 19:57
«Respublica» партиясы: Президент Жолдауы бизнестің жол картасына айналуда
12.09.2025, 19:53
Каспий теңізінің тартылуы балықшылардың кәсібіне қиындық келтіруде
12.09.2025, 19:53
Шымкентте жүрек ауруларын зерттейтін жаңа орталық ашылды
12.09.2025, 19:49
Непалда уақытша премьер-министр тағайындалмақ
12.09.2025, 19:49
Редакция алқасы Қазақстан тарихының ІІ томын басып шығаруға әзірлеу үшін бекітті
12.09.2025, 19:48
Шетелдік сарапшылар: Реформалар өз нәтижесін беруі тиіс
12.09.2025, 19:47