Бірқатар сарапшылар Қазақстанға шетелдік күштер қауіп төндіргенін мәлімдеді
Қазақстанға келіп, жағдайды өз көзімен көрген бірқатар сарапшылардың ойынша, елімізде қаңтарда болған оқиғаларға шетелдік жиһадшылардың қатысы болуы мүмкін. Бұл топтарға тіпті «әл-Қаида» террористік ұйымы қолдау көрсетіп отыруы да ықтимал. Олардың түпкі мақсаты – Қазақстанда база құрып, әлемдегі ықпалын кеңейту.
Нихат Әл-Джарири, деректі фильмдер продюсері: (Иордания)
Жихадшыл топтар бар. Солар қаңтардың басындағы оқиғалар кезінде шерушілерге қосылып кетті. Олар демонстрацияларды жихадты елге кіргізудің мүмкіндігі деп қарастырды. Қолдаушылары - «әл-Қаида» деп ойлаймын. Оларда Қазақстанды хаб, база ретінде басып алу жайлы сценарий болды. Бұл топтар Сириядан ығыстырылып, бүкіл әлемде қашқындардың күйін кешіп жүр. Сондықтан, олар Алматыдағы шеруді пайдаланып, Қазақстанда орнығып, түбінде әлемдегі ықпалын қайта кеңейтуді мақсат тұтса керек.
Рикардо Валле, Барлау және қауіпсіздік жөніндегі сараптама орталығы департаментінің директоры: (Италия)
Қаңтарда Қазақстанда шерушілерге террористер араласып, қылмыстық топтармен бірге әрекет еткен. Олар Орталық Азиядағы көршілес елдерден немесе Ауғанстаннан келуі мүмкін. Өзге елге кіріп, содырлар ең алдымен жергілікті қылмыстық топтармен байланыс іздейді. Мұндай шабуылдардың алдын алу үшін ел үкіметі өңір елдерімен қауіпсіздік саласындағы ынтымақты арттыруы қажет.
Арыстан Рысбек
Автор
Арыстан Рысбек
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Бір картинада - жүз тұлға
22.10.2026, 20:30
Студент егіс алқабын ЖИ арқылы талдайтын платформа әзірледі
22.10.2026, 20:21
Түркістан облысында мақта жинау науқаны аяқталуға жақын
22.10.2026, 20:20
Қыстау-Күршім ауылында жаңа мектеп ашылды
22.10.2026, 20:17
Қарағанды облысында жаңа кірпіш зауыты іске қосылды
22.10.2026, 20:15
«Таза Қазақстан» акциясына 8 млн адам қатысты
22.10.2026, 20:13
Еліміздің экобастамаларын сарапшылар жоғары бағалады
22.10.2026, 20:11
Қазақстан мен ЕуроОдақ байланысы нығайып келеді
22.10.2026, 20:06