Басты Жаңалықтар Қазақстан мен Ресей ынтымақтастықтың озық үлгісін қалыптастырды

Қазақстан мен Ресей ынтымақтастықтың озық үлгісін қалыптастырды

Қазақстан мен Ресей мемлекетаралық ынтымақтастықтың озық үлгісін қалыптастырды. Тиімді саяси диалогтың арқасында екі мемлекет те әр салада үлкен жетістіктерге жетті. Ресей Президенті өз тарапынан қазақ басшысының қазіргі саяси ұстанымы мен реформаларын қолдайтындығын мәлімдеді.

Жұмабек Сарабек, Әлемдік экономика және саясат институтының сарапшысы:
Екі ел арасындағы көптеген салалар бойынша тығыз байланыстар орнаған. Сауда-саттық болсын, қауіпсіздік саласы болсын, инвестициялық байланыстар болсын. Президент Тоқаевтың Кремльге сапары барысында қол қойылған құжаттар соңғы жылдарда қалыптасып үлгерген ынтымақтастық салаларын әрі қарай тереңдетуге үлесін тигізеді.

Сондай-ақ Мәскеудегі кездесуде екі ел Президенттері білім беру саласындағы ынтымаққа да баса мән бергені белгілі. Келіссөздің нәтижесінде, Қазақстанда Ресейдің жетекші жоғары оқу орындарының филиалдары ашылып, «Болашақ» бағдарламасымен қазақ жастары көрші елде оқитын болды. Мұны сарапшылар дұрыс шешім деп оытр. Себебі, білім саласын әртараптандыру-заман талабы.

Ерлан Саиров, ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты:
 Білім саласына балаларымызды жіберудің өзін диверсификация жасауымыз керек. Біразы батыс білімін, біразы Ресей білімін алғаны өте дұрыс. Өйткені Ресей мен Қазақстанның арасындағы өнеркәсіптік кооперация, интеграция бұрыннан бері дамыған. 

Бөлісу