Қамауда отырғандардың құқығы қорғалады - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Қамауда отырғандардың құқығы қорғалады

10.02.2022

Қамауда отырғандардың құқығы қорғалады. Тараздың уақытша ұстау изоляторында қаңтар оқиғасына қатысы бар деген күдікпен 70 адам қамауда жатыр. Олардың арасында кәмелет жасына толмаған 6 жасөспірім бар.

Сонымен қатар қырғыз елінің бір азаматы ұсталған. Қамаудағылардың жағдайын көру үшін еліміздегі адам құқықтары жөніндегі уәкіл Эльвира Әзімова мен Қырғызстанның омбудсмендер институтының өкілдері изоляторға барды. Ұсталғандар мен олардың ата-аналармен кездесіп арыз-шағымдарын тыңдады. Арнайы келген мамандар қамаудағылардың құқығын барынша қорғауға күш салатындығын жеткізді. Сондай-ақ оларға медициналық жәрдем көрсету мәселесіне баса назар аударылды.

Эльвира Әзімова, ҚР Адам құқықтары жөніндегі уәкілі:
Біз естіген, көрген нәрсемізді прокуратураға жеткіземіз. Құзырлы орган адам құқығына қатысты заңдылықтардың сақталуын қадағалап, анықталған деректер ескерілуі тиіс. Мәселен, қамаудағылардың кейбірі адвокаттарын біраз уақыттан бері көрмегендерін айтып отыр. Мұндай кемшіліктерді болдырмас үшін заңнама талаптары бар. Бұл жағдайдың барлығы қатаң ескерілуі тиіс.
Аскат Азарбеков, Қырғыз Республикасы омбудсмендер институты аппаратының жетекшісі:
Біз жақын күндері тергеу жұмыстары аяқталады деген сенімдеміз және әділ шешім шығады деп үміттенеміз. Қазіргі таңда мемлекеттік органдар және күштік құрылымдармен институтпен бірге жұмыс істеу туралы келіссөздер жүргізілуде.


Хабарламаларға жазылу