Таразда жаңадан салынған мөлтек ауданда жылу жоқ. Қыстың ортасында тоңып отқанымызға екі апта болды деген тұрғындар көмек сұрайды.
Шағын аудандағы 130-ден аса тұрғын үйдің көбі соңғы 4-5 жылда салынған. Соның бірі 80 пәтерлі көпқабатты үй осыдан 3 жыл бұрын мүмкіндігі шектеулі жандар мен жетім-жесірлерге пайдалануға берілген. Қазір мұнда жылу жоқ. Тұрғындар екі жұмадан бері дірдек қағып отырмыз, дейді. Солардың бірі - Азамат Елемесов 1-топтағы мүгедек.
Азамат Елемесов, тұрғын:
Ағаммен бірге тұрып жатырмын. Негізі ағама берілген үй ғой. Бірге тұрамыз. Бірақ жылу жоқ үйде, суық. Біз кезекті күтіп жатырмыз. ЖКХ-да кезекте тұрмыз. Жылудың жоқ болғанына екі апта болды. Пәтер өзінің мәселесі көп, оған дейін де жылуды істегендей болды бірақ ештеңе істей алмады.
Ал, құрылысқа жауапты қала әкімінің орынбасары жағдаймен таныс екенін айтты. Салынған үйлердің саны көбейгендіктен бастапқы жүргізілген құбырдың сыйымдылығы аз, сондықтан оны ауыстырып, қазандықтардың да көлемін ұлғайту үшін қаржы мен уақыт керек. Әзірге тек, қосымша су айдайтын насостарды қойып бермек.
Асхат Есенәлиев, Тараз қаласы әкімінің орынбасары:
Бұл мәселені шешу жолдарының бірақ жолы бар. Барлық сол жылу дұрыс тартылмай жатқан үйлердің бәріне, мердігерлердің есебінен бәрінің астына суды айдайтын сорғыны қою керек. Басты мәселе сол. Одан бөлек, сол құбырды үлкейткеннен бөлек, көлемін күшейту үшін бір қазандық қюымыз керек, тұрған төрт қазандықтың да көлемін үйлкейтуіміз керек.