Түркияда қымбатшылыққа қарсы шеру өтті - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Түркияда қымбатшылыққа қарсы шеру өтті

10.02.2022

Түркияда қымбатшылыққа қарсы шеру өтті. Оған дүкен ұстаушылар мен негізгі оппозициялық партиялардың мүшелері де қатысты. Ашынған демонстранттар Анкарада ұйымдастырылған наразылық акциясы барысында электр энергиясы үшін келетін түбіртек қағаздарды өртеген.

Түркияда қаңтарда инфляция деңгейі 50 пайызға жуық көтеріліп, халықтың жағдайын мейлінше қиындатып отыр. Осы ауыртпашылықты еңсеру үшін үкімет биыл ең төменгі жалақыны 50 пайызға өсірді. Алайда, импорттық шығындарды жабу мақсатында билік газдың, электр қуатының, бензиннің құнын да көтеріп, кедейшілікті тереңдетіп, отбасылық бюджетке салмақ түсіріп отыр.

11 қаланың мэрлері болса, республика басшылығын энергияның қымбаттауынан туындаған қиыншылықтарды жеңілдетуге шақырып, ортақ мәлімдеме жасады. Президенттің баспасөз қызметінің хабарлауынша, үкімет электр қуатына қатысты жаңа шараларды таяу арада жарияламақ.

Арыстан Рысбек


Хабарламаларға жазылу