Тиімсіз жобаларға тұсау салынады
Еркін экономикалық аймақтардан нәтиже жоқ. Соңғы 3 жылда шығарылған тауар көлемі жалпы ішкі өнімнің 1,5 пайызынан да аспайды. Ал сыртқа шығаратын өнім жоқ десе де болады. 0,1 пайыз. Басшылық құрам тиімді жобаларды қолға алуға құлықсыз. Бұған жауаптылар енді тығырыққа тірелетін түрі бар. Президент әкімшіліктегілердің бәрін тәртіпке келтіруді бұйырды. Үкімет бір айдың ішінде қордаланған мәселені түбегейлі шешуі тиіс. Өйткені, ел экономикасы үшін бұл маңызды алаң. Сондықтан, іштен және сырттан инвестор тартпаса болмайды. Бюджет қаржысы оңды-солды жұмсай беретін жер емес. Алайда, әлеуметтік бағытта да артық шығын көп. Мәселен, ауруханалар құрылысының шығыны әр түрлі. Бұдан былай бірыңғай баға бекиді. Мемлекет пен жеке меншік серіктестігі осы бағытты ұстануы тиіс.
Әлімжан Құртаев, ҚР Парламенті Сенатының депутаты:
Жеңіл өнеркәсіп саласы кешегі одақтың кезіндегі Қазақстан Республикасының жалпы ішкі өнімдегі үлес салмағы 17 пайызды құраған болатын. Бүгінгі таңда үлес салмағы 1 пайызға жетпей отыр. Бұған бірнеше рет Парламенттік тыңдау өткізілген болатын. Парламенттік тыңдаудың қорытындысы бойынша Үкіметке ұсыныстар да жіберілді. Өкінішке орай, ұсыныстардың барлығы қағаз күйінде қалып келе жатыр.
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Мемлекет басшысы Камбоджа премьер-министрімен келіссөз жүргізді
17.10.2026, 19:19
Республика күніне орай Астанада 120-дан астам іс-шара өтеді
17.10.2026, 13:37
Әлемдік додада топ жарған спортшылар елге оралды
17.10.2026, 12:41
«Таза Қазақстан»: төрт өңірде 150 тоннадан астам қоқыс жиналды
17.10.2026, 10:34
«Әділет» партиясында агроөнеркәсіп саласының өзекті мәселелері талқыланды
17.10.2026, 10:29
Президент: Жұрт нақты нәтиже күтеді
16.10.2026, 22:02
ТШО 30 жылдан бері жергілікті компаниялардың тауары мен қызметіне 52 млрд доллар жұмсаған
16.10.2026, 20:14
Қазақстан Халық Кеңесі – қоғамдық ұсыныстарды талқылаудың жаңа тетігі
16.10.2026, 20:13