Қазақ-өзбек ынтымақтастығы артады - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Қазақ-өзбек ынтымақтастығы артады

09.02.2022

Қазақстан мен Өзбекстан арасындағы ынтымақтастықтың жаңа кезеңі басталды. Бүгін Мәжіліс төрағасы Ерлан Қошанов пен Өзбекстанның Олий Мажлис Заң шығару палатасының спикері Нурдинжон Исмоилов Парламентаралық ынтымақтастық кеңесін құру туралы Келісімге қол қойды. Өзбекстан - Қазақстанның ірі экономикалық әріптесі. Елімізде мыңнан астам бірлескен кәсіпорындар жұмыс істейді. Көлік-логистика, құрылыс, транзит және туризм секілді салаларда әріптестіктің әлеуеті артып келеді.

Ерлан Қошанов, ҚР Парламенті Мәжілісінің төрағасы:

Осы ынтымақтастық кеңесі арқылы қол жеткен табыстарымызды одан әрі тереңдетіп, Президенттеріміздің барлық сала бойынша келісімдерін тиімді жүзеге асыруға, заңнамалық ынтымақтастықты күшейтуге жаңа жол ашатыны сөзсіз.

Нурдинжон Исмоилов, Өзбекстанның Олий мажлис заң шығару палатасының төрағасы:

Бұл - қос ел тарихындағы ынтымақтастықтың жаңа үлгісі. Өзбекстан Президенті өткен жылы желтоқсанда Қазақстанға жасаған сапарында көптеген келісімдер жасалды. Оларды жүзеге асыру үшін екі елдің Парламенттері өз үлестерін қосу керек.


Хабарламаларға жазылу