Қазақстан шекарасында карантиндік шектеулер жеңілдетіледі - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Қазақстан шекарасында карантиндік шектеулер жеңілдетіледі

08.02.2022

Елімізде карантин кезінде шекарадан өтуге қойылған шектеулер жеңілдейді. Мұндай шешім коронавирусты таратпау жөніндегі ведомствоаралық комиссияның отырысында қабылданды. Енді қазақстандықтардың және шетелдіктердің Қазақстанға кіріп-шығуына кедергілер жоқ. Нақтырақ айтсақ, визасыз режимі бар және тікелей әуе қатынасы бар елдерге барыс-келіс жасауға рұқсат. Сонымен қатар, қазақстандықтар үшін шетелге шығуға шектеу мерзімі екі есеге қысқармақ. Яғни, азаматтар 15 күн аралығында шекара аса алады. Тек бір талап – шетелден келгендердің барлығында вакцинацияға қарамастан 72 сағатқа жарамды ПТР нәтижесі болуы міндетті. Айта өтейік, бұл шаралар экономикалық белсенділікті арттыруға, ішкі туристік бизнесті дамытуға және елдің инвестициялық ахуалын жақсартуға бағытталып отыр.

Хабарламаларға жазылу