БҰҰ: Солтүстік Корея ядролық бағдарламасын ұрланған ақшамен қаржыландырып отыр - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

БҰҰ: Солтүстік Корея ядролық бағдарламасын ұрланған ақшамен қаржыландырып отыр

07.02.2022

Солтүстік Корея өзінің ядролық және зымырандық бағдарламасын хакерлік шабуылдардың көмегімен қаржыландырып отыр. Бұл туралы баяндаманы Біріккен Ұлттар Ұйымының сарапшылары жариялады.

Ол құжатқа жүгінсек, 2020 жылдың басынан 2021 жылдың ортасына дейін солтүстіккореялық қылмыскерлер Америкада, Еуропада, Азияда үш криптовалюта айырбастау орталығынан 50 миллионнан астам долларды жымқырған. Ал, «Associated Press» агенттігінің дерегінше, кибер кеңістіктегі ұрылар инвестициялық фирмалар мен криптовалюта биржаларына өткен жылы жеті реті басып кіріп, жалпы алғанда 400 миллион долларды қолды етіпті. Және де соның нәтижесінде Ким Чен Ын үкіметі былтыр Біріккен Ұлттар Ұйымының санкцияларын айналып өтіп, өзінің атомдық арсеналы мен баллистикалық ракеталарын шетелде жасалған технологиямен модернизациялауға кіріскен.

Арыстан Рысбек


Хабарламаларға жазылу