Қаңтар оқиғасы бойынша 2750 қылмыстық іс тергелуде - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Қаңтар оқиғасы бойынша 2750 қылмыстық іс тергелуде

04.02.2022

Қаңтар оқиғасына байланысты 2750 қылмыстық іс тергелуде. 802 күдікті сот санцкиясымен қамауға алынған. Олардың ішінде 113 адам бұрын сотты болған. Бұл туралы жаңа ғана еліміздің Бас прокуратурасы мәлімдеді. Ал уақытша ұстау абақтысынан 103 адам босатылған. Сонымен қатар бұрын қамауға алынғандардың бұлтартпау шаралары жеңілдетілуде. Осы атқарылып жатқан жұмыстардың ашықтығын қамтамасыз ету үшін прокуратура қоғамдық ұйымдармен тығыз байланыс орнатқан. Жаппай тәртіпсіздік кезінде зардап шеккен нысандар саны 1573-ке жеткен. Жәбірленушілерден өтініштер әлі де түсіп жатыр. Бұл туралы Ішкі істер министрлігі хабарлады. Жалпы шығынның мөлшері 88 миллиард теңгеден асты. Шағымдар мен арыздар, сондай-ақ интернет арқылы таратылған барлық ақпараттар тексерілуде.

Елдос Қилымжанов, Бас прокуратураның 1 қызмет бастығының орынбасары:
Бүгінгі күнде 1300-ден астам медициналық, баллистикалық және басқа сот-сараптамалық зерттеу тағайындалды. Олардың көбі күрделі сараптамалар. 2-3 айға дейін созылуы мүмкін. Бұл ең алдымен оқиға кезінде қаза болған азаматтарға қатысты мән-жайларды анықтап, мұқият тексеру үшін қажет.


Хабарламаларға жазылу