Атырау-Астрахань автомагистралінің құрылысы келер жылы аяқталады - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Атырау-Астрахань автомагистралінің құрылысы келер жылы аяқталады

03.02.2022

Атырау-Астрахан автомагистралінің құрылысы келер жылы аяқталады. Ал Құлсары-Мұқыр республикалық жолы кемі екі жылсыз басталмайды. Бұл туралы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрі Қайырбек Өскенбаев мәлімдеді. Дөңгелек үстел барысында депутаттар созбалаңға салынған құрылыс жұмыстарын сынға алды. Бір жобаны екі жыл жасаған жауаптыларға шүйлікті. Құрылысы басталғанымен, мерзімінен кешігіп жатқан жол азабын жергілікті халық көріп отыр.Оның үстіне жобада мал өтетін жерлер қарастырылмаған.

Ғұмар Дюсембаев, ҚР Парламенті Сенатының депутаты:
Жол қазір жасалып жатқан жоқ. Жол тоқтап тұр. Халық 300 шақырым жерге Астрахань шекарасына жолдың жанымен жүріп қиыншылық көріп жатыр. Не себептен? Кімнен кемшілік кетті? Кім жауапты осылай созылғанына?
Қайырбек Өскенбаев, ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрі:
Қазір толығымен жұмысқа кірісіп жатырмыз. Ақшасы толығымен көзделген. Сол себептен, 2022 жылы – биыл көлік жүру мәселесін береміз деп жоспарлап отырмыз. Келесі жылы толығымен береміз бе деп отырмыз.

Құлсары-Мұқыр республикалық жолы да аса маңызды жоба. Алайда, оны салуға жауаптылар асығар емес. Үнемделген қаржыны бағыттаймыз деп жылда уәде беріледі. Депутаттар оның әлі негіздемесі де жоқ деп отыр.

Қайырбек Өскенбаев, ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрі:
Қазір сізге өтірік айта алмаймыз. Ертең бастаймыз деп. Ол өкінішке қарай ертең басталмайтын жұмыс. Жобаны келесі жылы бітсек ең жақын дегенде 2024 жылы жол құрылысы басталады.


Хабарламаларға жазылу