Сенат халықаралық шарттар бойынша құжатты қабылдады
Бүгін Сенат халықаралық шарттар бойынша құжатты қабылдады. Құжат халықаралық шарттар бойынша заңнаманы одан әрі жетілдіру мақсатында әзірленді. Оны Парламент депутаттары даярлаған.
Жоба 1969 жылғы 23 мамырдағы Халықаралық шарттар құқығы туралы Вена конвенциясына сәйкес келтіруге, сондай-ақ олқылықтар мен қайшылықтарды жоюға бағытталған. Заң жобасында «дәйектеу» және «халықаралық шарт жасасу» ұғымдарының анықтамалары қайта қаралды, «қол қою» мен «өкілеттік» ұғымдары нақтыланды.
Айгүл Құспан, ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты:
Қазақстан Республикасы өзіне алған екіжақты міндеттемелерді сақтауға бейілді болып қала береді. Даулы мәселелер туындағанда біз ұлттық мүддемізді толық есепке алу негізінде орынды шешімдерді іздеуге ұмтыламыз. Біз шекара тұтастығы, тәуелсіздік, егемендік, аумақтық тұтастық сияқты қасиетті құндылықтарға нұқсан келтіретін қандай да бір келісімдерге жол бермейміз.
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Мемлекет басшысы Камбоджа премьер-министрімен келіссөз жүргізді
17.10.2026, 19:19
Республика күніне орай Астанада 120-дан астам іс-шара өтеді
17.10.2026, 13:37
Әлемдік додада топ жарған спортшылар елге оралды
17.10.2026, 12:41
«Таза Қазақстан»: төрт өңірде 150 тоннадан астам қоқыс жиналды
17.10.2026, 10:34
«Әділет» партиясында агроөнеркәсіп саласының өзекті мәселелері талқыланды
17.10.2026, 10:29
Президент: Жұрт нақты нәтиже күтеді
16.10.2026, 22:02
ТШО 30 жылдан бері жергілікті компаниялардың тауары мен қызметіне 52 млрд доллар жұмсаған
16.10.2026, 20:14
Қазақстан Халық Кеңесі – қоғамдық ұсыныстарды талқылаудың жаңа тетігі
16.10.2026, 20:13