Полиция департаменті: Тонаушылар дүкендерден атуға бейімделген қаруларды ұрлаған - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Полиция департаменті: Тонаушылар дүкендерден атуға бейімделген қаруларды ұрлаған

03.02.2022

Алматы полициясы жаппай тәртіпсіздіктер кезінде қару-жарақ дүкендерінен 1400-ден астам қару ұрланғанын хабарлады.

Олардың басым бөлігі атуға арналған және халыққа қауіп төндіреді. Полиция департаменті қазіргі уақытта ұрланған қару-жарақты іздестіру және тәркілеу, сондай-ақ қаладағы қылмыстық ахуалды жақсартуға бағытталған «Құқықтық тәртіп» іс-шарасын өткізіп жатыр.

Тоналған қару-жарақ дүкені иесінің айтуынша, бұзақылар торларды көліктермен жұлып, есік пен терезелерді арнайы дайындалған көліктермен сындырған. Кәсіби мамандар жұмыс істегені көрініп тұр, себебі қоймадағы қару-жарақ қолды болған. Оларды табу керек, әйтпесе адам өміріне қауіп төндіреді дейді қару-жарақ дүкенінің иесі.

Болатбек Баятанов, қалалық ПД Әкімшілігінің полиция басқармасы бастығының орынбасары:

Қолданыста емес қаруды, егер құрамдас бөліктері болса, бейбіт тұрғындар мен құқық қорғау органдарының қызметкерлеріне қарсы қолданылуы мүмкін екенін ескертемін. Азаматтардан заңсыз қару сақтау фактілері анықталса немесе табылса, өз еркімен тапсыруларын сұраймыз. Қаруды өз еркімен тапсырғандар қылмыстық жауапкершіліктен босатылады.


Хабарламаларға жазылу