Депутат: Балаларға ай сайын 36 мың теңгеден жәрдемақы төлеу керек
Әр балаға ай сайын 36 мың теңгеден жәрдемақы берілу керек. Кемінде әр оныншы бала аз қамтылған отбасында тұрады. Сондықтан атаулы әлеуметтік көмек төлемін көбейту маңызды. Бұл туралы Динара Зәкиева бастама көтерді. Ол вице-премьер Ералы Тоғжановқа сауал жолдап, 1 млн 145 мың отбасы дағдарыста өмір сүріп жатқанын жеткізді. Қиын жағдайда қалғандарды өздігінен іздеп жатқан ешбір орган жоқ. Тек өтініш түссе ғана жұмыс істейді. 13 жасқа дейінгі кей жеткіншектер сырқаты барына қарамастан туғаннан бері медициналық тексеруден өтпеген.
Динара Зәкиева, ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты:Тұрмысы төмен отбасылардың балаларын қолдаудың тиімділігін арттыру керек. Ол үшін атаулы әлеуметтік көмекті күнкөріс минимумына дейін жеткізген дұрыс. Яғни 1 балаға 36 мың теңге төленгені жөн. Бұл үшін қосымша 225 млрд қажет.
Ал депутат Ерлан Саиыров ең төменгі күнкөріс шегін арттыруды ұсынды. Жалақысы аз адамдарды табыс салығынан босатып, жыл сайын инфляцияға сәйкес айлықты өсіріп отыруды ұсынды. Оның сөзінше 1,5 млн-дай адам күнін зорға көріп жүр. Ал ең төменгі күнкөріс шегі 36 және 25 мың теңге көлемінде.
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Мемлекет басшысы Камбоджа премьер-министрімен келіссөз жүргізді
17.10.2026, 19:19
Республика күніне орай Астанада 120-дан астам іс-шара өтеді
17.10.2026, 13:37
Әлемдік додада топ жарған спортшылар елге оралды
17.10.2026, 12:41
«Таза Қазақстан»: төрт өңірде 150 тоннадан астам қоқыс жиналды
17.10.2026, 10:34
«Әділет» партиясында агроөнеркәсіп саласының өзекті мәселелері талқыланды
17.10.2026, 10:29
Президент: Жұрт нақты нәтиже күтеді
16.10.2026, 22:02
ТШО 30 жылдан бері жергілікті компаниялардың тауары мен қызметіне 52 млрд доллар жұмсаған
16.10.2026, 20:14
Қазақстан Халық Кеңесі – қоғамдық ұсыныстарды талқылаудың жаңа тетігі
16.10.2026, 20:13