Зеленский әскер санын 100 мыңға арттыру туралы қаулыға қол қойды
Украина президенті Владимир Зеленский армияның санын алдағы үш жылда 100 мың адамға арттыру туралы қаулыға қол қойды.
Сонымен қатар, оның сөзінше, барлық әскерилердің табысы ең төменгі үш жалақыдан кем болмауы керек. Бұған қоса, мемлекет басшысы қарулы күштер қатарында қосымша 20 бригада құрылып, келісім шартпен қызмет ету мерзімін ұзарту жоспарланып отырғанын атап өтті.
«Елдің кәсіби армияға көшуі бейбітшілік әрі қарай жасауы үшін қажет», - дейді Зеленский.
Айта кетсек, бүгінде Украинаның шығысында шиеленіс өршіп тұр. Батысқа сенсек, Ресей бұл мемлекетке осы айда басып кіруі мүмкін. Бірақ, мұны жоққа шығарған Мәскеу Донбасс маңына 100 мыңдай жауынгері мен танкілерін, артиллериясын, зымырандарын шоғырландырды. Және де Ресей ақпанның 10-ы мен 20-сы аралығында әскери жаттығу өткіземіз деп, Беларусь жеріне 5 мыңдай сарбаз енгізген.
Қазір Кремль Батысқа Украинаны НАТО-ға қабылдама деген талап қойып отыр. Алайда, АҚШ бұл ультиматумның орындалмайтынын ескертіп келеді.
Арыстан Рысбек
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы