Қарағанды облысында жұмыспен қамту жәрмеңкесі ай сайын өткізіледі
Жезқазған қаласында жастарды жаппай еңбекке тарту үшін енді бос жұмыс орындарының жәрмеңкесі ай сайын өткізіледі. Бұған дейін тоқсанына бір рет ұйымдастырылып келген. Бұл жолғы жәрмеңкеге 39 мекеме қатысып, 240-қа жуық бос жұмыс орнын ұсынды. Олардың қатарында ірі компаниялар да бар. Қала бойынша слесарь, дәнекерлеуші, сантехник секілді мамандарға сұраныс өте жоғары. Сонымен қатар инженер, мұғалім, тәрбиеші, дәрігерлер де жетіспейді.Құрылысшы мен сылақшылар да тапшы. Алғашқы жәрмеңкенің өзінде 60 адам түрлі мекемелермен еңбек келісімшарт жасасты.
Ғабит Битенов, Жезқазған қалалық Жұмыспен қамту орталығының директоры:
Жұмыспен қамту орталығына жұмыссыз ретінде тіркелген жастардың саны - 1593. Оның бүгінгі күні 1099-ын тұрақты жұмысқа орналастырдық, қалған жастар қоғамдық жұмыстарға тартылып отыр. Бүгінгі күні пайыздық деңгейде бізде жұмыссыз жастар 4,6 пайыз.
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Ресейден тікелей қосылым: Сайлауда жастар белсенділік танытып жатыр
23.08.2026, 21:28
Онлайн марафон: «Цифрлы Қазақстан» ток-шоуы басталды
23.08.2026, 20:00
Жаңа автокөпір құрылысы басталды
23.08.2026, 20:00
1800-ге жуық байқаушы сайлау процесін бақылады
23.08.2026, 20:00
Байқаушылар дауыс беру талапқа сай өткенін айтты
23.08.2026, 20:00
Президент Құрылтай депутаттары сайлауында дауыс берді
23.08.2026, 20:00
Шымкентте сайлау учаскелері жабылды
23.08.2026, 20:00
Сайлау учаскелері жабылды
23.08.2026, 20:00