Пәтер жалдау ақысының жартысын мемлекет өтейді - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Пәтер жалдау ақысының жартысын мемлекет өтейді

01.02.2022

70 мың адам қысқа мерзімде үймен қамтылуы керек. Бұлар - ең төменгі күнкөріс деңгейі 36 мың теңгеден аспайтын тұрғындар. Үкімет мұқтаж жандарды қолдау ретінде пәтерді жалдау ақысын субсидияламақ. Яғни, тең жартысын өтеп берсе, қалған бөлігін жалға алушы өзі төлейді. Оған 50 млрд теңге қаралып отыр.

Қаражат жыл сайын кезекте тұрған адамдар санына байланысты өзгеруі мүмкін. Премьер-Министр аталған бағдарламаны биыл мамырға дейін пісіріп, енгізуді тапсырды. Ал жалпы елде 590 мыңдай адам кезекте тұр. Соның 210 мыңы -әлеуметтік жағынан аз қамтылғандар.

Бұл көпбалалы отбасылар, 1 және 2 топтағы мүгедектер, жетім балалар мен мүмкіндігі шектеулі баласы бар отбасылар. Олар да көмектен тыс қалмайды. Қазір тұрғын үй саясатын жүргізу тетіктері талқыланып жатыр. Басты мақсат – пәтер бағасын арзандату.


Хабарламаларға жазылу