Елде ет өнімдерін қайта өңдеу, құс етін өндіру, балық өсіру, картоп пен көкөністерді сақтау сынды инвестициялық жобалар қолға алынады. Жаңа алма бақтары отырғызылады. Ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілерге жеңілдетілген несие беріледі.
Сондай-ақ, көктемгі егіс жұмыстарын жүргізу үшін арзандатылған дизель отынымен қамтылып, субсидиялау және ветеринарлық жүйе реформаланады. Алдағы жоспар осындай. Бүгін Үкіметтің биылға арналған бағдарламасы жөнінде кеңес өтті. Ұлттық экономика министрлігі халықтың табысын арттыруға, шағын және орта бизнесті дамытуға, жаңа инвестициялық саясатты қалыптастыруға, тарифтік саясатты жетілдіруге бағытталған бірқатар жоба ұсынды.
Сонымен қатар, Экология, геология және табиғи ресурстар, төтенше жағдайлар, қорғаныс министрліктері де биылға арналған мақсат-міндеттерін баяндады.