Сарапшылар Президенттің сұхбатына қатысты пікір білдірді - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Сарапшылар Президенттің сұхбатына қатысты пікір білдірді

31.01.2022

Қазір еліміздің жер-жерінде мемлекет басшысының сұхбаты қызу талқыланып жатыр. Онда Қасым-Жомарт Тоқаев елді алаңдатқан біраз мәселеге анық жауап берді. Соның ішінде қаралы қаңтар оқиғасына байланысты тергеудің әділ жүргізілуін қадағалайтынын, қандай да бір заң бұзушылықтарға жол берілмейтінін жеткізді. Сондай-ақ елдің келешек дамуы мен өсіп өркендеуіне қатысты айқын бағдарлар, жаңа Қазақстанды құруға негіз болатын саяси реформалардың жүзеге асатыны елдің болашақа деген сенімін нығайтты дейді сарапшылар.

Гауһар Сыздықова, ОҚМПУ Қазақтан тарихы және қоғамдық пәндер кафедрасының меңгерушісі: 
Әсіресе еліміздегі саяси реформаларға қатты мән беретіні айтылды. Соның ішінде парламент жүйесіне өзгерістер енетіні, «Нұр Отан» партиясының жұмысында үлкен өзгерістер болатынын айтты. Бұл сұхбатта өте салиқалы, сабдарлы саясатшы ретінде Тоқаевты таныдық.
Расул Жұмалы, саясаттанушы: 
Елдің саясатына, экономикасына қатысты Презиенттің өзінің көзқарасы тұрғысынан меніңше өте тұшымды сұхбат болды. Және Президенттің өзі 100 пайыз болмаса да, көпшілікті толғандырған мәселелердің 90 пайызына жауап берді. Қазіргі жағдайымыз. Жалпы саясатқа көзқарас. Бірінші Президентке қатысты өзінің ойы. Көптеген өзге де өзекті мәселелер олигархтарға да қатысты Мемлекет басшысы ашық жауап берді.


Хабарламаларға жазылу