Басты Жаңалықтар Саясаттанушы Расул Жұмалы: Президент ашық форматтағы әңгімеге жиі шығып тұру керек

Саясаттанушы Расул Жұмалы: Президент ашық форматтағы әңгімеге жиі шығып тұру керек

Елдің қазіргі ахуалы. Болашаққа бағдар. Президент қоғамды алаңдатқан ең өзекті сауалдарға тұшымды, мазмұнды жауап берді. Осының арқасында халық көкейіндегі алаңдаушылық басылды, дейді алматылық зиялық қауым. Олардың пікірінше, қазір Президенттің ел дамуына бағытталған бастамаларын қолдап, жүзеге асуына ат салысу қажет.

Смағұл Елубай, жазушы:
Қаңтар оқиғасынан кейін қордаланған сұрақтар бәріміздің жанымызда қайнап тұрған. Сол сұрақтарға жауап біраз алғандай болдық. Біздің отанымызды ойран еткелі тұрған күштер бар екеніне осы оқиғаның тұсында көзіміз жетті. Ендеше, тәуелсіздігіміздің туын жығып алмас үшін Мемлекет басшысының төңірегіне топтануымыз керек екен. Соны ұқтық.
Расул Жұмалы, саясаттанушы:
Мемлекет басшысы болғаннан кейін елде болып жатқан оқиғаларға қатысты есептер дейміз ба немесе өзінің ойын, пікірін, тұғырын уақыт өткен сайын білдіріп тұру керек. Бұл - демократиялық мемлекеттерге тән дүние. Осындай ашық форматтағы анық, адал әңгіме болып тұру керек. 


Бөлісу