Алматыдан қару-жарақ арсеналы табылды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Алматыдан қару-жарақ арсеналы табылды

31.01.2022

Алматылық тұрғындардан танкке қарсы гранатометтің снаряды табылды. Бұл бер жағы ғана. 12 гранат, 8 пневматикалық мылтық және тапанша, Калашников автоматының 2 оқ салғышы және бронежилет бар. Арсенал Шаңырақ шағын ауданындағы үйден шықты. Таразда да бір пәтерден 10 адам ұсталды. Олардан 2 травматикалық, 1 сигналдық тапанша, шулы-жарық граната мен 173 оқ тәркіленді.

Бағланбек Айтпаев, ҚР ІІМ әкімшілік полиция комитетінің басқарма басшысы: 
Талдықорғанда тұрғылықты жерінен 9 оғымен Макаров тапаншасы бар азамат ұсталды. Ал, Жамбыл облысында екі адам анықталды. Оларда травматикалық тапанша, аңшылық қару мен бронежилет болған. Жалпы, заңсыз қару сақтаған және алып жүрген 189 адам тұтқындалған. Олардан 252 атыс қаруы мен 2 мың 315 оқ-дәрі табылды. Ал, өз еркімен тапсырылған қару саны 50-ге жетті. Сондай-ақ 81 келі есірткі мен 525 грамм героин тәркіленді. Осыған қатысты 221 адам істі болып жатыр.

Бүлік кезінде арматуралар таратқан 6 адам уақытша ұстау изоляторына жабылды. Олар Алматы қаласы мен облысының тұрғындары. Тағы Жамбыл өңірі Шу ауданындағы «Нұр-Отан» ғимаратын өртеуге қатысқандардың бірі елордада қолға түсті. Оған тіпті мемлекет аралық іздеу жарияланған. Сондай-ақ қатарында ауыр және аса ауыр қылмыстары бар 700 заң бұзушылық ашылды. Іздеудегі 107 қылмыскер ұсталды.


Хабарламаларға жазылу