Қазақстан мен Кореяның дипломатиялық қарым-қатынас орнатқанына 30 жыл - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Қазақстан мен Кореяның дипломатиялық қарым-қатынас орнатқанына 30 жыл

28.01.2022

Қазақстан мен Кореяның дипломатиялық қарым-қатынас орнатқанына 30 жыл. Мерейлі дата қарсаңында Сыртқы істер министрінің бірінші орынбасары Шахрат Нұрышев Кореяның елшісі Ку Хонг Сокпен кездесті. Екі мемлекеттің саяси, экономикалық және мәдени-гуманитарлық салалардағы әлеуеті зор. Кездесуде дипломаттар екі ел Президенттері жолдаған құттықтау хаттарымен алмасты. Тараптар әріптестік қарым-қатынасты одан әрі нығайтуға ниетті.

Сондай-ақ Сыртқы істер министрдің бірінші орынбасары Иранның елшісі Маджид Самадзадэ Сабермен кездесті. Елші екі ел арасындағы сауда және транзиттік мүмкіндіктерді барынша кеңейту қажеттігін атап өтті. Болашақта сауда-экономикалық қатынастарды одан әрі дамытуға күш салмақ. Дипломатиялық қатынас орнатылған күннен бері Ираннан Қазақстанға 140 млн доллардың шамасында инвестиция тартылды. Өзара сауда айналымы да оң үрдіспен дамуда. Былтыр сауда-саттықтың көлемі 406,2 млн долларға жетіп, алдыңғы жылдың тиісті кезеңімен салыстырғанда 2,1 есе артқан.


Хабарламаларға жазылу