Ақмола облысында ауыл-аймақта 12 мың адам жұмыссыз
Ақмола облысында 12 мыңға жуық ауыл тұрғыны жұмыссыз. Былтыр өңірде 18 мың адам еңбекпен қамтылғанымен, ауыл-аймақтағы жұмыссыздықты түбегейлі жою мүмкін болмай тұр. Жергілікті билік ұлттық жоспар аясында мәселені шешуге тырыспақ.
Боташ Жұмағалиев ауылда тұрғанымен, жұмысы қалада. Себебі ауылда жұмыс жоқ. «Жаңа ауылдың» өзге тұрғындары да қалаға қатынап күн көріп отыр. Ауылдың үлкен қалаға жақын орналасқаны біз үшін жақсы болды дейді мұндағылар.
Шалғай жатқан елдімекендерде мәселе одан да күрделі. Мектеп, мәдениет үйі сынды мемлекет қарауындағы мекемелерде ғана жұмыс бар. Сондықтан, ауылдағы ағайын малмен ғана жан бағады.
Жергілікті атқарушы билік бұл мәселені мемлекеттік бағдарламалар арқылы шешіп жатырмыз дейді. Былтыр облыста 18 мыңнан астам жаңа жұмыс орны ашылған, оның 11 мыңы тұрақты.
Дина Ахметжанова, Облыстық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламаларды үйлестіру басқармасының басшысы:Биыл тұрғындарды жұмыспен қамту мәселесі ұлттық жобалар аясында жүзеге асырылады. Кәсіпкерлікті дамыту бағыты бойынша жаңа жұмыс орындарын ашу көзделген. Осы жылы 17 мыңнан астам, оның ішінде 11 мыңға жуығы тұрақты жұмыс орнын ашу жоспары бар. Ал қазіргі жұмыссыздық деңгейі 4,8 пайыз. Бұл 20 мың адам.
Ал, республика бойынша ауылдық жерлерде 181 мың адам жұмыссыз. Бұл ресми тіркелгені ғана.
Ермек Елберген
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Қазақстан - онлайн қызметтер индексі бойынша үздік ондықта
23.08.2026, 23:17
Әлем елдерінің 60%-ы бір палаталы Парламент жүйесімен жұмыс істейді
23.08.2026, 23:12
Еңбек адамының қоғамдағы рөлі артып келеді
23.08.2026, 23:09
Тәуелсіз бақылаушылар: Сайлау үдерісі ұйымдасқан түрде өтті
23.08.2026, 23:08
Сайлаудағы ерекше сәттер
23.08.2026, 23:05
Бельгияда дауыс беру аяқталды
23.08.2026, 23:03
Алғашқы болып дауыс бергендерге ҚР Конституциясы сыйға тартылды
23.08.2026, 22:00
Зиялы қауым өкілдері өз таңдауын жасады
23.08.2026, 22:00