Еңбек нарығында колледж түлектеріне сұраныс бар - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Еңбек нарығында колледж түлектеріне сұраныс бар

27.01.2022

Еңбек нарығында колледж түлектері мен қысқа мерзімді оқудан өткендерге 65%-ға сұраныс бар. Зерттеу осыны көрсетті, дейді ұлттық кәсіпкерлер палатасы. Ондағылар биыл сала министрлігімен бірге орта маман иелерін даярлау қолға алған. Ондағы мақсат өмірде өз орнын табу үшін жоғары білім алудың міндет емес екенін түсіндіру. Сондай-ақ жұмыспен қамтудың мобильді орталықтары сынама жобасы іске асырылып жатыр. Әзірге елорда және екі мегаполисте. Аталған кеңселер адамдар тығыз орналасқан аудандар, базарлар сияқты жерлерде ашылған. Себебі, онда тұрақсыз жұмыста жүргендер көп. Жалпы, жастардың 35%-дан астамы мемлекеттік қолдаулар туралы бейхабар. Былтыр 145 колледж түлегінің тек 65%-ы жұмыс тапса, жоғары оқу орындарынан 78%-дайы орналасқан. Сауалнамаға сенсек, жұмыс іздеушілердің дені ұжымға ұйысу, ойын жеткізу, сыни ойлау дағдыларын білмейді. Ал, маман кәсіби біліктен бөлек, заман талабына сай машықтанғаны маңызды. Қысқа қайырғанда ширақтық жағы әлсіреп тұр.

Хабарламаларға жазылу