Өндіріс орнындағы жұмыскерлердің жалақысы артады. Жамбылда ірі кәсіпорындар қызметкерлердің әлеуметтік мәселелеріне назар аударып келеді.
Мәселен, 90 пайыз химия өнімін өндіретін «Қазфосфат» серіктестігі қызметкерлерінің айлық табысын өткен жылы 40, биыл 15 пайызға көтерген. Жұмыскерлерін баспанамен қамтамасыз ету үшін, тұрғын үй құрылысын да бастаған. Жамбыл облысының әкімі аймақтағы өндіріс орындарын аралап, еңбек адамдарымен кездесті. Мемлекет басшысының тапсырмасына сәйкес, жұмыс орындарын мейлінше қысқартпау, жалақыны арттыру секілді мәселелер үнемі бақылауда болуы керектігін айтты. Сондай-ақ, өңірдегі колледждер, жоғарғы оқу орындары аймақтағы кәсіпорындармен келісіп, сұранысқа ие мамандарды бірлесіп даярлауға шақырды. Былтыр Жамбыл облысындағы өнеркәсіптік кәсіпорындар 553 млрд теңгенің өнімін өндірген.
Нұрхан Нұрлан, ЖШС бас директоры:
Бірінші кезекте біз баспананы көпбалалы отбасыларға береміз. Сондай-ақ, кәсіпорынның еңбек ардагерлері мен мүгедектеріне баспана беріледі. Айта кетейін, бұл аталған мәселелер біздің кәсіподақтың бірлескен шешімімен қабылданады. Қазіргі таңда біз Жаңатас қаласынан жұмысшыларға үй беру жағын «Отбасы банкі» арқылы қарастырып жатырмыз. Осылайша, біз қызметкерлердің әлеуметтік жаңдайын, тұрғын үймен қамту сынды мәселелерін шешіп келеміз.