Тәртіпсіздік кесірінен жапа шеккен 211 адамға өтемақы төленді - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Тәртіпсіздік кесірінен жапа шеккен 211 адамға өтемақы төленді

27.01.2022

Алматыда жаппай тәртіпсіздік кезінде зардап шеккен және жұмыс істеген дәрігерлерге, полицейлер мен құтқарушыларға өтемақы төлене бастады. Қалалық әкімдіктің хабарлауынша, денсаулық сақтау саласының, құқық қорғау органдарының, Төтенше жағдай департаменті мен құтқару қызметінің мамандарына материалдық көмек аударылды. Бүгінге дейін өтемақыны 211 адам алған. Сондай-ақ, төтенше жағдай кезінде жұмыс істеген өзге қызметкерлер де ескерусіз қалмады. Денсаулық сақтау саласының 4 000-ға жуық қызметкеріне, 93 құтқарушы мен Төтенше жағдай департаментінің 1 200 маманына ақшалай сыйақы берілді.

Бұл мақсатқа 686 млн теңге қарастырылған. Жақын күндері қалалық Полиция департаментінің 3 800 қызметкеріне толық көлемде қаражат аудару аяқталады. 


Хабарламаларға жазылу