Мүмкіндігі шектеулі жандарды қолдауға арналған заң жобасы әзірленді - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Мүмкіндігі шектеулі жандарды қолдауға арналған заң жобасы әзірленді

25.01.2022

Сенаторлар мүгедектігі бар адамдарды қолдауға арналған жаңа заң жобасын әзірледі. Бүгін Парламент қабырғасында құжат көпшілікке таныстырылды. Депутаттар мүмкіндігі шектеулі баланы шипажайға жіберген кезде онымен бірге еріп баратын адамға да жолдама құнының 70 пайызын өтеп беруді ұсынып отыр. Қазір ем-дом тек баланың өзіне ғана төленеді. Сонымен қатар заң қабылданса 3-топтағы мүгедек жандарға нотариустық қызметтерді тегін алуына жағдай жасалады. Ал есту немесе көру қабілетінен айырылған адамдарға сот барысында тиісті аудармашылар міндетті түрде болуы тиіс. Ал таксопарктерде әрбір оныншы көлік инвотакси болуы керек. Жиында мүмкіндігі шектеулі азаматтарды жұмысқа орналастыру, оларды тұрғын үйлермен, сапалы біліммен қамтамасыз ету мәселелері де талқыланды.
Мәулен Әшімбаев, ҚР Парламенті Сенатының төрағасы:
Сонымен қатар денсаулық сақтау, арнаулы әлеуметтік қызметтер, білім беру салаларының жұмысын және мүгедектігі бар адамдардың өмір сүру сапасын жақсартуға бағытталған бірқатар нормалар осы заң жобасына кіргізілді.

Хабарламаларға жазылу