Ақтөбеде студенттер жатақханасынан өрт шықты - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Ақтөбеде студенттер жатақханасынан өрт шықты

25.01.2022

Төтенше жағдайлар департаментінің мәліметінше, алдымен төртінші қабаттағы бөлмелердің бірінде тоңазытқыш жанған.

Бұл жатақхана Марат Оспанов атындағы Батыс қазақстан медицина университетіне тиесілі. Оқиға орнына жеткен өрт сөндірушілер жедел студенттерді құтқаруға кірісті. Барлығы 131 адам эвакуацияланды. Оның 105-і шет елден келіп білім алып жатқандар. Студенттер жылыту пунктіне орналастырылды.


Хабарламаларға жазылу