Ақтөбеде 9 қабатты үйден өрт шықты - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Ақтөбеде 9 қабатты үйден өрт шықты

06.05.2022

Ақтөбеде 9 қабатты үйден өрт шықты. Шахар орталығында орналасқан тұрғын үйдің балконының декоротивті қаптамасы жанған. Жалынның қатты болғаны сонша, тұрғындар бірнеше пәтер өртеніп жатыр деп ойлаған. Оқиға орнына өрт сөндірушілер лезде жетіп, 20 минут ішінде сөндіріп үлгерді. Оған 57 адам, он техника жұмылдырылды. Өрт аумағы 50 шаршы метр. 10 адам құтқарылып, тағы елуі эвокуацияланды. Өрттің неден болғаны тексеру жұмыстарынан соң ғана белгілі болады.

Хабарламаларға жазылу