Ливанда студенттер шеруге шықты

05.11.2019

Ливанның оңтүстігіндегі Сидон қаласының студенттері оқуды доғарып, үкіметке наразылық білдіріп жатыр. Олар бүгін министрлер кабинетінен халықтың талап-тілегін орындауды талап етті.  

Айта кетсек, бұл мемлекетке билікке қарсы демонстрациялар қазанның 17-де WhatsApp тәрізді мессенджерлерге салықты өсіру жоспары жарияланғаннан кейін басталды. Содан бері ливандықтар коррупцияға, жұмыссыздыққа, саяси элитаға наразылық білдіріп жатыр. Осыған байланысты премьер-министр Саад Харири отставкаға кетті. Ал жаңа үкіметті құру туралы келісім әлі жасалмаған.

Арыстан РЫСБЕК


Хабарламаларға жазылу