Ақтөбеде мектептен өрт шықты - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Ақтөбеде мектептен өрт шықты

22.02.2023

Ақтөбе қаласындағы мектептердің бірінен өрт шықты. Оқиға бүгін таңғы 08:00 шамасында болды.

890 оқушы мен 60 қызметкер қауіпсіз жерге шығарылды. Өртті сөндіруге 53 маман мен 14 техника жұмылдырылды. Жалын 10 минутта толық сөндірілді. Зардап шеккендер жоқ.

Төтенше жағдайлар департаментінің мәліметінше, төменгі қабаттағы кабинеттердің бірі жанған. Өрттің шығуына электр сымдарының қысқа тұйықталуы себеп болған.

Жақсыбек Кемал

Хабарламаларға жазылу