Сұйытылған газды электронды сауда алаңында сату 2023 жылдың 1 қаңтарына дейін шегерілді - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Сұйытылған газды электронды сауда алаңында сату 2023 жылдың 1 қаңтарына дейін шегерілді

25.01.2022

Сұйылтылған газды электронды сауда алаңында сату 2023 жылдың 1 қаңтарына дейін шегерілді.

Оған дейін сала министрлігі бағаның негізсіз өсуін тежеу жолдарын белгілеп, ашықтық талаптары тетігін жетілдіру керек. Үкімет Президент тапсырмаларының орындалу барысын баяндады. Көпшілік көгілдір отынмен бірге утилизациялық төлемдер мәселесін көтерген. Оның да 100% акциясы мемлекетке өтті. Енді, алым құны арзандауы керек. Өңірлердегі полиция департаменттеріне 457 патрульдік автомобиль мен 70 автобус жеткізілді. Осылайша тәртіпсіздік кезінде өртенген қызметтік көліктер жаңаланды. Сондай-ақ алапаттан зардап шеккен азаматтар мен заңды тұлғаларға банк алдындағы қарыздарын өтеу мерзімі кейінге шегерілді. Қаза тапқандардың несиесі мүлдем кешірілді. Коммуналдық тарифті өсіруге 180 күнге мораторий енгізілді. Ал, «Қазақстан халқына» қорына 20 млрд теңгеден аса қаржы аударылды.


Хабарламаларға жазылу