Жамбыл облысындағы ауылға ауыз су берілді
Байзақ ауданы, Үлгілі ауылының тұрғындары енді тіршілік нәрінен тарықпайды. Үлгілі ауылында 3000-нан аса тұрғын бар. Талай жылдан бері ауыл жұрты ауыз су мәселесін айтып, аудан әкімдігіне шағымданып келген. Енді, міне, «Нұрлы жер» мемлекеттік бағдарламасы аясында құбырлар тартылып, құрылыс аяқталды.
Тоқтагүл Төлепбергенова, ауыл тұрғыны:
Осы судан біраз таршылық көріп жатыр едік. Міне, бүгін келіп, қуанып жатырмыз. Таза су өмірге де, болашақ жастарға да пайдалы. Біраз жыл қиналдық, дәмін көріп қуанып жатырмыз.
Байзақ ауданында 43 елдімекен болса, соның 28-і таза су тұтынып отыр. Ал, қалған 15 ауылды ауыз сумен қамту жұмыстары жалғасуда. Қазір мамандар жерасты суларын анықтап жатыр. Алдағы 2-3 жылдың көлемінде аудан тұрғындары 100 пайыз сумен қамтылмақ.
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Цифрландыру және ЖИ экономикаға тың серпін береді
25.05.2026, 20:24
Екібастұз МАЭС-1: Жөндеуден кейін жұмыс қуаты артты
25.05.2026, 20:22
Шалғай ауылдарға ауызсу құбыры тартылып жатыр
25.05.2026, 20:20
Ақтөбе облысындағы ең ауқымды экологиялық жоба сәтті жүзеге асты
25.05.2026, 20:19
AI-фильмдер байқауы: Жүлде қоры - $1 млн
25.05.2026, 20:15
«Munaily Marathon-2026» марафоны өтті
25.05.2026, 20:13
Липосакцияның қаупі қандай?
25.05.2026, 20:13
Оқушылар халықаралық байқаулардан мыңнан аса медаль иеленді
25.05.2026, 20:11