Елордада мәдениет және өнер саласының өкілдері ревакциналаудан өтті - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Елордада мәдениет және өнер саласының өкілдері ревакциналаудан өтті

21.01.2022

Коронавируқа қарсы екпені қайта алуға өнер саласында еңбек ететін 50-ге жуық қызметкер келген. Мамандардың мәліметінше, соңғы 2 айда Pfizer вакцинасын салдыру белсенді жүріп жатыр. Екпе алғандар арасында жасөспірімдер мен жүкті және бала емізетін әйелдер бар. Қазір бұл вакцинаны 60 жастан асқан кісілер де ала алады.

Бүгінге дейін 2 000-нан астам адам ревакцинация жасатқан . 

Айболат Жаудыр, Орыс драма театрының директоры:

Бұл әлемдік ахуалға біз әрқайсымыз осылай үлес қосуымыз керек сияқты. Бір ортаға бару үшін де біз де вакцинациядан өткен болуымыз керек. Халықты да ревакцинация жасауға шақырымыз, себебі коллективтік иммунитет болмайынша бұл ауруды жеңу мүмкін емес.


Хабарламаларға жазылу