Семейде «Өнер барысы» спорттық сайысы өтті - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Семейде «Өнер барысы» спорттық сайысы өтті

24.05.2022

Семейде Абай облысының құрылуына орай, «Өнер барысы» спорттық сайысы өтті. Оған өңірдегі мәдениет пен өнер саласының өкілдері қатысып, қазақ күресінен бақ сынады. Сахнада жүрген әншілер, актерлар мен мәдени ошақтардың қызметкерлері Шығыс Қазақстаның қалалары мен аудандарынан жиналған. Басты мақсат - қазақ күресін насихаттау. 40 палуан қатысқан дода «Қазақ күресі федерациясының» бекіткен барлық талаптарына сай ұйымдастырылды.

Ерзат Жанатұлы, ұйымдастырушы:

Енді бұл ең бірінші кезекте Абай облысының құрылуына орай. Абайдың жастары қайда демесін, Абайдың өнер қуған, спорт қуған жастары қайда демесін деген ниетпен ұйымдастырылып жатқан шара. Шығыс Қазақстан облысының өнер адамдары жиналған. Өнерлі адам, бар жағынан өнерлі болуы керек. Айтады ғой «Жігітке жеті өнер де аз» деп.

Ержан Жақып


Хабарламаларға жазылу