Алматыда Президенттік және Мемлекеттік стипендияларды тапсыру салтанаты өтті - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Алматыда Президенттік және Мемлекеттік стипендияларды тапсыру салтанаты өтті

13.02.2015
Алматыда Президенттік және Мемлекеттік стипендияларды тапсыру салтанаты өтті

ҚР Мемлекеттік хатшысы Гүлшара Әбдіқалықова 2014 жылғы Президенттік және Мемлекеттік стипендияларды тапсырды.

Стипендиялар белгілі мәдениет және өнер қайраткерлеріне Мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша Алматыда табысталды.

Рәсімді ашқан Г.Әбдіқалықова қатысушыларды құттықтап, бұл олардың отандық мәдениетті дамытуға қосқан елеулі үлесіне берілген баға екенін атап өтті.

Стипендиялар жыл сайын мемлекеттік қолдау көрсету мақсатында Қазақстан Республикасының құрметтi атақтары мен мемлекеттiк наградаларын иеленген мәдениет және өнер қайраткерлеріне, сондай-ақ, аса дарынды шығармашыл жастарға  шығармашылық жетістіктері үшін  берiледi.

2014 жылдың қорытындысы бойынша, отандық мәдениетті дамытуға қосқан маңызды үлесі үшін әдебиет пен өнер саласының 100 қайраткеріне стипендия тағайындалды.

Президенттік стипендияға ие болғандар қатарында Олжас Сүлейменов, Асанәлі Әшімов, Мырзатай Жолдасбеков, Шерхан Мұртаза, Әкім Тарази, Бибігүл Төлегенова, Ескендір Хасанғалиев, Владимир Толоконников, Юрий Померанцев, Анатолий Молодов және басқалар бар.

Сондай-ақ, Алан Бөрібаев, Еркебұлан Дайыров, Әйгерім Бекетаева, Жанель Төкеева, Әлия Телебарысова, Қасымхан Бұғыбай және басқа да бірқатар жас дарындар мемлекеттік стипендияға ие болды.

 

akorda.kz

Хабарламаларға жазылу