Талдықорғанда мәдениет және өнер саласының қызметкерлері марапатталды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Талдықорғанда мәдениет және өнер саласының қызметкерлері марапатталды

21.05.2015
Талдықорғанда мәдениет және өнер саласының қызметкерлері марапатталды

Талдықорғандағы І.Жансүгіров атындағы Мәдениет сарайында  Мәдениет және өнер қызметкерлерінің күніне орай шара өтті. Шарада аймақтағы мәдениет және өнер саласындағы үздік қызметкерлер арнайы сыйлықтармен және 100 мың теңгенің сертификатымен марапатталды. Ал, Б.Римова атындағы облыстық драма театры «Үздік облыстық мәдениет мекемесі» аталымында жеңімпаз атанып, оларға «УАЗ» автокөлігі табыс етілді.

Сондай-ақ, «Талдықорған әуендері» фольклорлық-этнографиялық ансамблінің әншісі Арафат Искаков пен облыстық халық шығармашылығы орталығы директорының орынбасары Айгүл Сәбитова «Мәдениет саласының үздігі» төсбелгісімен марапатталды.

Облыстық шығармашылық орталығының қызметкері Асқар Нұрмұхамбетов «Үздік мәдениет қызметкері» атанса, «Сазген» ансамблінің музыканты Талғат Оразаев «Үздік аспапшы» деп танылды.

«Үздік халық театры» аталымында Панфилов аудандық Д.Рақышев атындағы театр ұжымы марапатталды.

Салтанатты шара соңы мерекелік концертпен аяқталды.

Хабарламаларға жазылу