Қазақстанда мәдениет және өнер қызметкерлерінің күні аталып өтуде

21.05.2016
Қазақстанда мәдениет және өнер қызметкерлерінің күні аталып өтуде

2013 жылғы ҚР Президентінің Жарлығына сәйкес 21 мамырда Мәдениет және өнер қызметкерлерінің күні мерекеленеді. Оны Қазақстанның барша өнер, мәдениет қызметкерлері атап өтеді.

Осы күні мәдениет және өнер саласының қызметкерлеріне жылы лебіздер мен алғыстар айтылады, өйткені рухани байлықты дамытуда және мәдени дәстүрлердің дамуы мен сақталуы ісіне қосқан мәдениет саласы қызметкерлерінің үлесі орасан зор.

Бүгінде өнеріміздің көкжиегін кеңейтіп жүрген өнер адамдары көп.

Елбасымыз өзінің жылдағы Жолдауында мәдениет саласының дамуын ерекше атап өтеді.

«Мәдениет -  ең алдымен жәдігерлік. Оны ұрпақтан ұрпаққа жеткізуші - зиялы қауым. Себебі, әр халықтың дүниетанымы, рухани байлығы, тыныс — тіршілігі, салт-дәстүрлері дәл осы мәдениет деген асыл ұғыммен астасып жатыр. Қай елдің мәдениеті мықты дамыса, ол елдің еңсесі де биік , рухы да жоғары болады. Сонымен қатар, мәдениет — адамзат тұлғасы деңгейіне көтеретін негізгі құрал. Мәдениеттің өзекті бөлігі — өнер. Шынында да өнер мәдениеттің алтын қазынасы, адамның ұлылығын білдіретін ғажап көріністердің бірі. Мәдениет пен өнер – қоғам дамуының негізгі қажетті саласы. Мәдениеті мен өнері өркендеген қоғам әр уақытта ілгерілеп, дамиды»,- деген болатын Елбасы.

Еңбектерініз жана бергей! Кәсіби мерекелеріңіз құтты болсын!

Хабарламаларға жазылу