Жамбыл облысында зақым келген нысандарды қалпына келтіру жұмыстары қарқынды жүргізілуде

14.01.2022

Жамбыл облысында зақым келген нысандарды қалпына келтіру жұмыстары қарқынды жүргізілуде. Шығын көлемі әлі де есептеліп, зақым келген кәсіпкерлік нысандардың тізімі нақтылануда.

Облыста шығын мөлшерін есептеу бойынша арнайы комиссия құрылды. «Атамекен» ұлттық кәсіпкерлер палатасының облыстағы филиалында материалдық көмек көрсету үшін зардап шеккен кәсіпкерлердің тізімі жасақталуда. Алдағы уақытта оларға мемлекет тарапынан қолдау көрсетіледі. Осыған дейін зақым келген мемлекеттік 6 нысанның қатарына Шу аудандық «НұрОтан» партиясы филиалының ғимараты қосылды. Сонымен 7 нысанды қалпына келтіру жұмыстары жүргізілуде. Қазір менің қасымда облыстық облыстық құрылыс басқармасы басшысының орынбасары Әлібек Аманбай мырза тұр. Әлібек мырза, құрылыс жұмыстарына қанша жұмысшы тартылды, ғимараттар қаншалықты зақымданған?

 Әлібек Аманбай, облыстық Құрылыс басқармасы басшысының орынбасары:

Ал, тәртіпке шақыруға бағытталған түсіндіру жұмыстарына 5 мыңнан астам зиялы қауым, қоғам белсенділері, беделді спортшылар және тағы басқа тұлғалар тартылған. Сондай-ақ, өңір тұрғындарына хабарландыру жасалды. Егер ұрланған қару, оқ-дәрілер мен арнайы құралдар туралы немесе олардың қайда жасырылғаны жөнінде 102-ге мәлімет берсе, өз еркімен полицияға тапсырар болса қылмыстық және әкімшілік жауапкершілікке тартылмайды. Есімі де еш жерде жарияланбайды.


Хабарламаларға жазылу