Тараздық кәсіпкерлер сауда орындарын тонауға жол бермегені үшін әскерилерге алғыс айтты

14.01.2022

«Атамекен» ұлттық кәсіпкерлер палатасының облыстағы филиалында материалдық көмек көрсету үшін кәсіпкерлердің тізімі жасақталуда. Олардың саны 30-ға жуық. Қазір облыс орталығында жаппай тәртіпсіздік кезінде зақым келген нысандарды қалпына келтіру жұмыстары жүруде. Ал дүние-мүлкі бұзақылардың талқандауынан аман қалған тараздық кәсіпкерлер сауда орындарын тонауға жол бермегені үшін «Оңтүстік» өңірлік қолбасшылығының әскери қызметшілеріне алғыс айтты.

.


Хабарламаларға жазылу