ШҚО-ның Қаратал ауылында дауылдан келген шығын есептеліп жатыр - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

ШҚО-ның Қаратал ауылында дауылдан келген шығын есептеліп жатыр

07.09.2020

Шығыс Қазақстанның Қаратал ауылында қатты желден зардап шеккен нысандарды қалпына келтіру жұмыстары басталды. Табиғи апат Зайсан ауданына қарасты елдімекенде 30-дан астам ғимаратты талқандап кеткен. Жойқын желден үйлердің шатыры, қора-жайлар, көшедегі бағандар, қоршаулар қирап қалған. Абырой болғанда, адамдар зардап шеккен жоқ. Төтенше жағдай бойынша құрылған комиссия шығынды есептеп жатыр. Ауылды қалпына келтіру жұмыстарына волонтерлар мен көрші ауыл тұрғындары белсенді қатысуда. 

Серік Тілемісов, Зайсан ауданы әкімінің орынбасары:

- 34 үйге зақым келген. Қазіргі таңда белсенділердің, демеушілердің, халықтың көмегімен Қаратал ауылында жөндеу жұмыстары жүргізілуде.  

Берік Көшербай

Хабарламаларға жазылу