Жамбыл және Алматы облыстарында террорлық қауіптің «қызғылт сары» деңгейі күшін жойды
Жамбыл және Алматы облыстарында террорлық қауіптің «қызғылт сары» деңгейі күшін жойды. Қазір Жамбыл өңіріндегі меншікті тілшіміз Нұрдос Болатұлы бізбен тікелей байланыста.
Нұрдос Болатұлы, тілші:
Терроризмге қарсы күрес жөніндегі республикалық жедел штаб Жамбыл және Алматы облыстарындағы жағдайдың тұрақталғанына байланысты террорлық қауіптіліктің «қызғылт сары» деңгейін бүгін түнгі 00.00-ден кейін доғарылатынын айтты. Күштік құрылымдардың бөлімшелері штаттық жұмыс режиміне көшті. Орталық аталған үш өңірдің барлық тұрғындарына түсіністік танытып, заң талаптарына жауапкершілікпен қарағаны үшін үшін алғыс айтты. Жалпы Жамбыл облысында тәртіпсіздік салдарынан бүлінген ғимараттарды қалпына келтіру жұмыстары қарқынды жүргізілуде. Облыс әкімдігі ғимаратын жөндеу жұмыстары ақпан айының соңында аяқталады. Ал қалған зақым келген нысандар рет-ретімен қайта пайдалануға беріледі. Сонымен қатар, Тараз қаласындағы барлық бейнебақылау камералары іске қосылды. Облыстық полиция департаменті тұрғындарды жол ережелерін және тәртіп бұзбауға шақырады.
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Дауыл салдары: Көлік шығынын кім өтейді?
17.06.2026, 20:18
Орманды өрттен сақтау– ортақ міндет
17.06.2026, 20:16
«Балаларды қауіптен сақтаңыз!» акциясы басталды
17.06.2026, 20:16
Елімізде судағы қауіпсіздік шаралары күшейтілді
17.06.2026, 20:14
АҚШ пен Иран атысты тоқтату туралы келісімге ресми түрде қол қояды
17.06.2026, 20:13
Әлем жаңалықтарына шолу
17.06.2026, 20:12
Мемлекеттік грантты өтемегендерге қатысты 247 іс сотта қаралып жатыр
17.06.2026, 20:12
Өңірде ауыл шаруашылығы өнімін өңдейтін бірнеше өндіріс орны бар
17.06.2026, 20:10