ҚР Премьер-Министр Арыстағы нысандарды қалпына келтіру жұмыстарын 1 тамызға дейін аяқтауды тапсырды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

ҚР Премьер-Министр Арыстағы нысандарды қалпына келтіру жұмыстарын 1 тамызға дейін аяқтауды тапсырды

14.07.2019

Алты алашты жұдырықтай жұмылдырған Арыс! Қарқынды құрылыс, қызу қалпына келтіру жұмыстары толассыз жүріп жатыр. Арыстағы арыны қатты құрылыс тамызға дейін аяқталады. Қазір  қаладағы жарылыстан қирап-бүлінген 676 тұрғын үй толық жөнделіп бітті. 3 аптаға жуық өз үйлерінің бетін көрмеген азаматтардың алды өзгерген өз шаңырақтарына оралып жатыр. Қазақстанның барлық өңірінің қуатты қолдауының арқасында мұның сыртында 3 мыңнан астам баспана қалпына келтірілмек. Сонымен қатар денсаулық сақтау, білім беру, не спорт саласына қатысты барлығы 66 нысан жөнделіп жатыр. Бейсенбі күні аймаққа арнайы барып, ахуалымен танысқан үкімет басшысы Асқар Мамин шаһардағы нысандарды қалпына келтіру жұмыстарын апта сайын өзі барып, қадағалап тұратынын қадап айтты.

 

 

Хабарламаларға жазылу