Премьер-министр жаңа Үкіметті жасақтап үлгерді.
Сонымен мемлекет басшысының жарлығы бойынша Роман Скляр премьер-министрдің бірінші орынбасары. Сондай-ақ Ералы Тоғжанов, Мұхтар Тілеуберді және Бақыт Сұлтанов вице-премьер болып тағайындалды. Мұхтар Тілеуберді Сыртқы істер, ал Бақыт Сұлтанов Сауда және интеграция министрі қызметтерін қоса атқарады.
Ғалымжан Қойшыбаев премьер-министр кеңсесін басқармақ, Ал Мұрат Бектанов - Қорғаныс министрі, Ерлан Тұрғымбаев –Ішкі істер министрі болып қала береді. Ақпарат және қоғамдық даму министрі болып Асқар Омаров тағайындалды. Ербол Қарашөкеев Ауыл шаруашылығы министрі қызметін атқара береді.
Ал Әділет министрі Қанат Мусин, Білім және ғылым министрі болып Асхат Аймағамбетов тағайындалды. Ал Ажар Ғиният – Денсаулық сақтау министрі. Серік Шәпкенов –Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі. Қайырбек Өскенбаев - Индустрия және инфрақұрылымдық даму ведомствасын басқарады.
Ерұлан Жамаубаев - Қаржы министрі, Ал Дәурен Абаев бүгіннен бастап Мәдениет және спорт министрі. Юрий Ильин Төтенше жағдайлар министрі қызметін атқаруын жалғастыра береді. Әлібек Қуантыров Ұлттық экономика министрі, Бағдат Мусин – Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрі, Серікқали Брекешев –Экология, геология және табиғи ресурстар министрі, Болат Ақшолақов Энергетика министрі болып тағайындалды.