Басты Жаңалықтар Арандатушылардың пиғылы ел бірлігіне нұқсан келтірмеуі тиіс – сарапшылар

Арандатушылардың пиғылы ел бірлігіне нұқсан келтірмеуі тиіс – сарапшылар

Қазақстандағы жағдай әлемдік қауымдастықты алаңдатып отыр. «Арандатушылардың пиғылы ел бірлігіне нұқсан келтірмеуі тиіс»,- деп есептейді сарапшылар.

Андрей Бузаров, Халықаралық саяси-құқық саласының тәуелсіз сарапшысы:

Ең алдымен ел ішіндегі ынтымақтастықты нығайту керек. Саяси қайшылықтар өз алдына, әр тұрғын ата заң мен тәртіпті де ұмытпағаны абзал. Бұл дағдарыс, әлбетте, Қазақстан Үкіметінің түбегейлі реформаларды енгізуіне әкеледі. Украина мұндай жағдайды басынан өткерді. Бұл тәртіпсіздіктер елдің экономикалық жағдайын құлдыратып жіберері анық. Сондықтан шын көңілімен барынша бірлікті сақтап қалуға кеңес беремін. Ел ішіне ойран салатын бүлікшілер көп, мұндайда халық тұтастығы ғана арампиғылды топтарға тосқауыл бола алады.

Владимир Евсеев, ТМД елдері институтының бөлім меңгерушісі:

Құқық қорғау органдарына қарсы, бейбіт тұрғындарға қарсы оқ ату- бейбіт шеру емес. Қазақстан дер кезінде шаралар қабылдады деп ойлаймын. Ашық әңгіме, конструктивті диалогтың арқасында ғана мемлекет жетістікке жете алады. Халық соны ескерсе екен. Қанша зерттеп жүрмін, мұндай жағдайлардың жақсылыққа апармайды. Бұл сынақтан да сүрінбей өтесіздер деп сенемін.

Индира Бегайдар


Бөлісу